Спорт

Жергілікті палуан ел біріншілігінде күміс медаль еншіледі

Спорт жаңалығына кезек берейік! Жергілікті палуан қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ел біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Ақтау қаласында жалауын желбіреткен чемпионатта 65 келі салмақта белдескен Айдын Қуанышев күміс медаль еншіледі. Ол жарыста 6 кездесу өткізген. 5 қарсыласын тізе бүктіріп, финалда Алматы облысының өренімен күш сынасқан екен. Алайда, ақтық сында спортшының жолы болмады. Жалпы, додада еліміздің әр аймағынан жиналған 400-ден аса бала бақ сынауда. Оның 16-сы – солтүстікқазақстандықтар.

 

Култанов Байболат