Спорт

Жерлес жас каратешілер жарады

Жерлес жас каратешілер Омбыдан мол олжамен оралды. Көршілес облыста ақпанның 2-сі күні киокушинкай каратеден 5-ші қала кубогы өтті.

Дүбірлі додаға елімізден – 2, Ресейден 9 құрама қатысыпты. 500-ге жуық спортшының басын қосқан тартыста солтүстікқазақстандықтарға татами төрінде тең келер жан болмаған. Өңір намысын қорғаған 80 өрен командалық есепте 1-ші орынды иеленді. Сөйтіп, облысымызға 11 алтын, 12 күміс, 20 қола медальмен оралды.

 

 

 

Култанов Байболат