ТЖ

2 жүк көлігі соқтығысып, жапа шеккен ер адам құтқарылды

Петропавл мен Бескөл арасындағы тас жолда сұмдық жол-көлік апаты болды. Дүйсенбі күні трасса бойында екі жүк көлігі соқтығысты.

Соққының қатты болғаны соншалық, “ГАЗ” көлігі кабинасының тас-талқаны шығып, 52 жастағы жүргізуші темір-терсектің арасында қалған. Оның қос аяғы қатты қысылып қалса керек. Оқиға орнына құтқарушылар келіп, металл кескіш пен домкраттың көмегімен 20 минуттың ішінде ер адамды алып шықты. Жүргізуші бірден ауруханаға жеткізілді. Оның аяқтары сынған. Ақ халаттылар азаматтың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

 

 

 

Саят Ермек