Спорт

“Qulager” ХК көкшетаулық «Арлан» командасын тізе бүктірді

Спорт сүйер қауымға жағымды жаңалық! Петропавлдық “Qulager” ХК қарымта кездесуде де көкшетаулық “Арлан”-ды тізе бүктірді.

2-ші матчтағы алғашқы шайба бірінші периодта салынды. Мұнда жерлесіміз Денис Стасюк көзге түсті. Екінші кезеңде солтүстікқазақстандықтар басымдықты арттырды. Александр Ильин шеберлігімен танылып, есепті 0 де 2-ге жеткізді. Көкшетаулықтар соңғы жиырма минуттықта ес жиды. Олар петропавлдықтардың қақпасына қос шайба дарытып, таразы басын теңестірді. Сөйтіп, имек таяқ шеберлі овертаймда күш сынасты. Бұл сында біздің жігіттердің жолы болды. Қазір Құлагер турнирлік кестеде 6-шы орында тұр. Қоржында 80 ұпай бар. Енді жерлестеріміз келесі ойынды қаңтардың 25-і мен 26-ы күндері Петропавлда өткізеді.

Маржан Касымбек