Ауа райы

Өңірде алдағы екі күнде ауа райы бұзылады

“112” қызметі солтүстікқазақстандықтардың телефондарына СМС-терді жаудырып жатыр.

Өйткені, ертең және бүрсігүні облыс аумағында бұрқасын болады деп күтілуде. Ал оңтүстік-батыстан соққан ұйтқы желдің екпіні секундына – 15-20, ал кей жерлерде тіпті 28 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан, құтқарушылар дауылдық ескерту жариялап отыр. Бұл күндері алыс сапардан бастартқан абзал, ал қарттар мен балаларды ерекше бақылауға алған жөн.

Саят Ермек