Денсаулық сақтау

Жаңажылдық түнде облыстық перинаталдық орталықта 6 нәресте дүниеге келді

Жаңа жылдың – басты сыйы! Солтүстікқазақстандық 6 отбасы мейрамда ерекше қуанышқа бөленді. Желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні облыстық перинаталдық орталықта 6 нәресте дүние есігін ашты.

Жанұялардың мерекелік көңіл күйлерін еселеткен бүлдіршіндердің үшеуі – ұл мен дәл соншасы қыз екен. Кішкентайлардың төртеуі 2019-дың тізіміне енсе, екеуін аналары құшақтарына 2020-да алыпты. Бұл әдемі сәтті нәзікжандылар қауымымен бірге 24 дәрігер, акушер мен мейірбикелер бөліскен. Ақ халаттылар Жаңа жыл түнінде штаттық режимде жұмыс істегенін айта кету қажет. Эпидемиологиялық кезең болғандықтан серіктестік босануға рұқсат етілмепті. Карантин әлі де жалғасуда. Бүгінде келіншектер мен балалардың барлығы дерлік үйлеріне оралған.

Жанна Маутова – облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері:

– 2020 жылы түнгі 12-ден 50 кеткенде ең бірінші болып қыз бала өмірге келді. Салмағы – 3 келі 780 грамм. Ал таңғы 5-терге қарай ұл бала дүние есігін ашты. Жалпы, демалыс күндері 57 келіншек бауыр еті балаларына жарық өмір сыйлады. Қазір перинаталдық орталықта 7 жүкті әйел бар. Олар да әне-міне дегенше босанады.

Эльмира Садвокасова