Спорт

“Qulager” сырт алаңда “Астана” хоккейшілерін ойсыратты

Солтүстікқазақстандық “Qulager” командасы сырт айдында “Астана” құрамасын тізе бүктірді.

Қос матч елордада өтті. Алғашқы кездесуде біздің жігіттер қарсы қақпаға 8 рет шайба дарытып, жеңіске жетті. Қарымта ойында да “Qulager” “Астана” құрамасын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, жерлестеріміз маусымның бірінші бөлігін 6-шы орында аяқтады. Алда енді – екінші кезеңі. Алғашқы ойынды петропавлдық хоккейшілер “Ақтөбе” құрамасымен қаңтардың 7-8-і күндері өз алаңдарында өткізеді.

Ешкенова Дана