Білім

Өңірде 3 жас еліміздің 100 үздік студенті қатарына енді

3 солтүстікқазақстандық еліміздің 100 үздік студенті қатарына енді. Елордада өткен тартысты бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жас қатысқан. Оның 14-і – жерлестеріміз.

Денис Анацко – Петропавл қаласының машина жасау колледжінің студенті. Жас жігіт оқу ордасының қоғамдық өміріне белсенді ат салысады әрі спорт десе ішер асын жерге қоюға дайын. Ол семсерлесуден өткен ел чемпионаттарында бір емес бірнеше рет алтынан алқа тағыныпты.

Денис Анацко – Петропавл қаласының машина жасау колледжінің студенті:

– Семсерлесумен айналысып жүргеніме 12 жылдай болып қалды. Болашағымды спорттың осы түрімен байланыстырғым келеді. Яғни, жастарды семсерлесу спортына баулысам деймін.

Ал Алмагүл Тастанованың таңдаған бағытының спортқа еш қатысы жоқ. Ол -шығармашыл жан. Бұрымды өлең жазып, түрлі деңгейдегі байрақты бәсекелерге қатысады. Алмагүл бүгінде наурызда өтетін «Amanat musiс» республикалық конкурс-фестиваліне дайындық үстінде екен.

Алмагүл Тастанова – М.Жұмабаев атындағы жоғарғы колледжінің студенті:

 – Үздіктер қатарында болғанымды естіген кезде бойымды қуаныш пен мақтаныш сезімі биледі. Мен өңіріміздің атын бұдан да үлкен дәрежелерде көтеремін деп ойлаймын. Осы орайда оқу ордама алғысымды білдіргім келеді.

Үздік көшбасшы атану үшін сабақта алда болу жеткіліксіз. Болашақ маман сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс. Негізі, республикалық байқау 3 кезеңнен тұрған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ге жуық студент қатысыпты. Тартыстың алғашқы туры облыстағы белсенді ұл-қыздарды іріктеуден басталған. Содан соң ұл-қыздар мың сөзден тұратын эссе жазып, 2 бейнежазба дайындап, ұйымдастырушыларға жіберген. Ал шешуші кезеңде үздіктер дауыс беру арқылы анықталған екен. Осы орайда 14 жерлесіміздің арасынан 3-еуі Қазақстанның 100 үздік көшбасшы студенті қатарына кірді.

Актолкын Солтанханкызы