Әр түрлі

Аспандағы тылсым құбылыс

Метеорит пе, беймәлім ұшатын нысан ба әлде ракета ма? Кеше, яғни қарашаның 28-і түнде солтүстікқазақстандықтар аспаннан тылсым құбылысты байқады.

Және оны бірден өздерінің ұялы телефондарына суретке, видеоға түсіріп алған. Мұнда көкте жарық пайда болып, жоғалып кеткені анық көрінеді. Қазір дәл осы көрініс әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жерлестеріміздің пікірі екіге бөлінген. Олардың бір бөлігі мұны метеорит деп санаса, екінші жартысы тылсым күш деп ойлайлы. Шын мәнісінде бұл бегісіз обьект Ресейдің Астрахан облысында орналасқан “Капустин Яр” полигонынан ұшырылған “Тополь” зымыраны екен.

Актолкын Солтанханкызы