Ауа райы

Ертең өңірде тұман түсіп, сырма жүреді

Төтенше жағдайлар департаментінен келіп жеткен дауылды ескертуге құлақ түріңіздер.

Ертең, яғни қарашаның 9-ы күні өңірде тұман түсіп, сырма жүреді. Кейбір жерлерде көктайғақ болады. Соққан желдің қарқыны секундына 25 метрге дейін жетеді. Осы орайда құтқарушылар тұрғындарға тиісті қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстау қажеттігін ескертеді.

 

Данаш Хамзина