“Qyzyljar” бірінші лигадағы чемпиондық титулға бір табан жақын! Кеше жергілікті футбол клубы Шымкент қаласында “Академия Оңтүстік” командасына қарсы кездесу өткізді.
Матч тартысты өтті. Турнирлік кестенің бірінші сатысында тұрған құрама аса маңызды ұпайларға қол жеткізу үшін тырысып бақты. Ойын басталысымен теріскейлік аяқдоп шеберлері жинақылық танытып, шабуылға көшті. Бірінші таймда МомодУ СисЕй ерекшеленді. Осылайша, үзіліске командалар 1-0 есебімен тарасты. Екінші 45 минутта да қызылжарлықтар ойын тізгінін қолдарынан шығармады. МомодУ СисЕй дубль авторы атанса, Виктор Гунченко матчқа әдемі нүкте қойды. Сөйтіп қос құрама 3-0 есебімен тарасты. Қазір жергілікті команда 55 ұпаймен турнирлік кестенің үздік үштігін бастап тұр. Бірінші лигадағы соңғы ойындарын аяқдоп шеберлері қарашаның 3-і өз алаңдарында өткізбек. Теріскейліктер қызылордалық “Байқоңырды” қабылдайтын болады.
Эльмира Садвокасова