Ауа райы

Алдағы бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Хабар соңында ауа райы жайлы бірер ақпар. Ертең облыс аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде.

Түнде және таңертең Петропавлда тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз +8-10 градусты көрсетсе, түнде сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-батыстан соққан ызғарлы желдің екпіні секундына 9-14, ал кей жерлерде тіпті 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Саят Ермек