Бүгін Петропавлда “Бірінші Жастар ойындары” республикалық жобасының іріктеу кезеңі басталды. Спорттық доданың ашылу салтанаты қаламыздағы №40-шы орта мектепте өтті.
Онда өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген командалар көпшілікке таныстырылды. Жалпы, салауатты өмір салтын насихаттайтын бәсеке үш күнге созылмақ. Сайыста орта және жоғары сынып оқушылары бақ сынайды. Қатысушылардың саны 500-ден асады. Жастар облыс орталығында спорттың 5 түрінен мықтыны анықтамақ. Мәселен, бүгін волейболдан үздік атанған ұжым белгілі болды. Ол – М.Жұмабаев ауданының ұл-қыздары. Ақтық сында команда Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп шәкірттерін жеңді.
Камилла Балтабаева – М.Жұмабаев ауданы құрамасының капитаны:
– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әр құрама мықты. Сол себепті, ойын оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ, тырысып бақтық. Осылайша жеңіске жеттік.
Дана Ешкенова