ТЖ

Көлік жуу бекетінен өрт шықты

Петропавлда көлік жуу бекетінен өрт шықты. Оқиға кеше кешкі уақытта Смирнов көшесінде орын алған.

Қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің мамандары хабарды ести сала бірден оқиға орнына жетеді. Сөйтіп, тілсіз жауды 17 минуттың ішінде сөндіріп үлгереді. Абырой болғанда, жарақат алу және жазым болу жағдайлары тіркелген жоқ. Қызыл жалын нысанның тек шатырының бір бөлігіне зақым келтіріпті. Ал ғимараттың өзі мен мен шатырлас орналасқан дәмхана зардап шекпеген. Қазіргі уақытта келген шығын мен өрттің неден пайда болғаны анықталып жатыр.

Бердимурат Баймухан