Балалар

Белсенді жастар Президент жолдауын талқылады

«Ел өмірінің ырғағында». Бүгін осындай атаумен И.Шухов атындағы қалалық кітапханада жиын өтті. Шараға негізінен жастар қатысты.

Талқыланған тақырып – Президент жолдауы. Студенттер құжатта жастарға қатысты айтылған тұстар мен мүмкіндіктер жайлы саралады. Әсіресе, “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының аясын кеңейту және келесі жылды “Еріктілер жылы” деп жариялау туралы мақсат-міндеттер көңілдерінен шығыпты. Мемлекет тарапынан қолдау бар, ендеше өз идея-бастамаларымызды іске асыруға да кең мүмкіндіктер жасалмақ дейді болашақ маман иелері.

Әлфараби Мыңбай – қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:

– Ел Президенті жолдауында жастарға өте көп көңіл бөлді. Сондай-ақ, президенттік резервке жастарды тарту мәселесі де қозғалды.

Бердимурат Баймухан