ТЖ

Баспана жанындағы монша жанып кетті

Петропавлда баспана жанындағы монша жанып кетті. Оқиға кеше Жұмысшы кентіндегі Островский көшесінің бойында орын алған.

Өрт туралы хабар мамандарға кешкі 7-ден 37 минут кеткенде келіп түскен. Қызыл жалын 40 шаршы метрге жайылыпты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттың ішінде жетіп, тілсіз жауды 25 минутта ауыздықтаған. Отты сөндіруге 17 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Маржан Касымбек