Спорт

Жерлесіміз жарады

Петропавлдық грэпплингші Ербол Хамитов жүлдегерлер қатарынан көрінді! Ол Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ашық Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі.

Айта кеткен жөн, жігерлі жерлесіміз дүбірлі додада кәсіпқой спортшылар арасында 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Білекті жігіт алғашқы айналымда Тәжікстан өкілін тізе бүктіріпті. Кейін, қос өзбекстандықтан айласын асырған. Солтүстікқазақстандық бұл қарсыластарының барлығын қылқындыру әдісі арқылы жеңген. Ал 4-ші кездесуде алматылық азаматтан басым түсті. Финалда өзінің клубтасы Нариман Мыңбаевпен кездеседі. Ақтық сында теріскейлік спортшы жомарттық танытып, бәсекелесіне жеңісті сыйлаған екен.

Байболат Бектемірұлы