ТЖ

Петропавлда әйел адам өрттен қаза тапты

Петропавлда әйел адам өрттен қаза тапты. Оқиға Союзная, 31 мекен жайындағы үйде болған.

Қыркүйектің 5-сінен 6-сына қараған түні сағат 3-тен 27 минут кеткенде 101 пультіне баспанадан от шыққаны туралы хабар түседі. Мамандар 4 минуттың ішінде келіп жеткен кезде шатырдың күллі жерінен будақтап түтін шығып жатқан. Ішкі қабырғалары мен төбесін де от шалған. Өрт сөндірушілер нысанның ішінен 41-жылғы әйелдің өлі денесін табады. Сағат 4-тен 25 минут кеткенде тілсіз жау сөндіріледі. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын есептеліп жатыр.

Данаш Хамзина