Спорт

Сырт алаңдағы жеңіс

Қызылжар “Қыран”-ды қапы қалдырды! Жерлестеріміз шымкенттік құраманы 0 де 1 есебімен ұтты.

Сырт алаңдағы кездесуде теріскейлік шабуылшы Момаду Сисей көзге түсті. Ол 56-шы минутта қос қорғаушы мен қақпашыдан айласын асырып кетті. Осылайша құрамаға аса маңызды ұпайларды сыйлады. Қазір солтүстікқазақстандық ұжым турнирлік кестеде 3-ші орында тұр. Қоржында – 39 ұпай. Көшбасында – әдеттегідей ақтаулық “Каспий” мен семейлік “Алтай” командалары. Енді, жерлестеріміз келесі матчтарын қыркүйектің 14-і күні “Қарасай” стадионында “Екібастұз”-ға қарсы өткізеді.

Байболат Бектемірұлы