Спорт

“Qulager” қарағандылық “Temirtay” құрамасын тізе бүктірді

Алматы қаласында шайбалы хоккейден ел кубогы сарапқа салынып жатыр. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған 10 команда қатысуда. Солардың қатарында теріскейлік «Qulager» құрамасы да бар.

Кеше солтүстікқазақстандық имек таяқ шеберлері теміртаулық «Temirtay» командасымен кездесті. Матчта жерлестеріміздің жолы болып 5-2 есебімен тізе бүктірді. Ал бүгін маңызды ойын. «Qulager» көкшетаулық арланмен күш сынасады. Жеңген құрама доданың финалына шығады.

Баймухан  Бердимурат