Спорт

Солтүстікқазақстандық ауыр атлет жеңімпаз атанды

Осы күндері Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. 4 жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің ең мықты спортшылары қатысуда.

Араларында теріскейліктер де бар. Бүгін солтүстікқазақстандық зілтемірші жарыс жеңімпазы атанды. Мақтанышымыз Айдар Қазов 81 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетіп, өз мықтылығын дәлелдеді. Ол жұлқа көтеруде – 146, ал серпе көтеруде 189 килограммды еңсерді. Осылайша жоғары санаттағы жүлдені еншіледі. Айта кетейік, Айдар сайыста өзінің басты қарсыласы -Олимпиада чемпионы атыраулық Ниджат Рахимовтың алдын орады. Айта кетейік, ертең тағы бір жерлесіміз Жанәли Тұяқов бақ сынамақ. 2003 жылы туылған бозбала 102 келіге дейінгі санатта күш сынасады. Бұл категорияда әлемді бірнеше рет мойындатқан атақты Илья Ильин де бар.

 

 

Култанов Байболат