Құқық қорғау органдары

Із-түссіз жоғалған азаматтың денесі табылды

Петропавлда осыдан 4 күн бұрын жоғалған жігіттің денесі табылды.

Естеріңізге сала кетсек, 90-жылы туған Сағындық Салықов тамыздың 3-і күні хабар-ошарсыз кеткен болатын.
Азаматтың Есіл өзеніне қарай беттеп бара жатқаны Хименко көшесіндегі сауда үйінің камерасына түсіп қалған екен. Кейін жігітті су маңынан іздестіре бастайды. Іздеу шараларына төтенше жағдай қызметінің мамандары, әскери қызметшілер, сүңгуірлер мен еріктілер қатысты. Нәтижесінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары 29 жастағы Сағындық Салықовтың денесін бүгін сағат таңғы 6-лар шамасында Есіл өзенінде дамбаға жақын жерден тапқан.

Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Таңертең тамыздың 7-і күні Есіл өзеніндегі дамба маңынан петропавлдықтың зорлықпен өлтіру белгілері байқалмайтын денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

 

Актолкын Солтанханкызы