Құқық қорғау органдары

Жасөспірімдер арасындағы тәртіпбұзушылықтың алдын алу

Облыс аумағында  жыл басынан бері  тәртіпбұзушылыққа жол берген 1400-ге жуық жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болып, көше кезген. Сондай-ақ, жағдайы төмен 185 отбасы мен кәмелеттік жасқа толмаған 150-ге жуық бала түрлі себеппен тіркеуге қойылған екен. Полиция қызметкерлері қазір өңірде арнайы республикалық акция өткізіп жатыр. Оның аясында “Достық” лагерінде болып, жеткіншектерге тиісті ережелерді әңгімелеп, сұрақтарына жауап берді.

Дана Шарипова – қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

– 26-шілде мен 1-тамыз аралығында облыс аумағында республикалық акция өткізілуде. Акцияның мақсаты – демалыс маусымында балалардың судағы және жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Актолкын Солтанханкызы