Құқық қорғау органдары

СҚО ПД басшылығы талапкерлермен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде мектеп түлектерімен кездесу өтті. Жиынға үстіміздегі жылы Қарағанды ІІМ Академиясына  оқуға түсуге ниетті 18 жас қатысты. Оларға мамандар курсанттық өмірдің қыр-сырын әңгімелеп, оқу ордасында жасалған жағдайлар жайлы баяндады.

Мектеп түлектерінің кейбірі әскери саланы таңдап, оқуға түскілері келеді. Ондай жастар ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары ұпай жинаулары тиіс. Тағы, дендері сау және спортқа жақын болулары керек. Бұл талапкелерге қойылатын басты талаптар. Ол жайлы жастармен кездесу барысында өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев айтып өтті.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Полиция қызметкері болу оңай емес. Біздің іс үлкен табандылықты қажет етеді. Бірақ, мамандықтың артықшылықтары да бар. Мәселен, оқуға түскен курстанттарға мемлекеттен жағдай жасалады. Тұратын жер, тамақ және киім тегін беріледі. Менің ойымша бұл үлкен көмек. Тағы, жоғарғы оқу орнын тәмамдаған жастарға жұмыс та берілед.

Кездесуге талапкерлердің ата-аналары да қатысты. Оларды балаларының тұратын жері алаңдатады. Бірақ, полиция қызметкерлері ол жақта қатаң тәртіп сақталатындығын және қажетті жағдай жасалатындығын айтты. Ал, жастар жағы болса оқу орнына түсіп, тәртіп сақшылары атанғылары келетіндіктерін жеткізуде.

Уәлихан Жасұлан – талапкер:

– Әкемнің жолын жалғастырғым келеді. Тергеуші болған өзіме ұнайды.

Кездесу соңында болашақ курсанттар полиция департаментінің мұражайын және жедел басқару орталығын аралады.

Дана Сәлімқызы