Құқық қорғау органдары

83 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Өңірде ірі көлемдегі бюджет ақшасын жымқыру фактісі тіркелді. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 83 млн теңгені қалтасына басты деген күдікпен облыстық қарсы басқармасы басшысының орынбасарын қолға түсірді.

Шенеунік жер телімдеріне байланысты жерге орналастыру жобалары туралы жалған келісім шарттарға қол қойған. Сөйтіп, әйелі екеуі бірлесіп қомақты қаржыны ұрлаған. Алдымен олар 70 млн-ды қолма-қол ақшаға айналдырған. Оның бір бөлігін долларға айырбастап, қалғанына қымбат көлік алыпты делінеді агенттіктің хабарламасында. 19-шы маусым күні қаржының бір бөлігін айырбастау кезінде мемлекеттік қызметшінің зайыбы құрықталды. Қазір басқарма басшысының орынбасары уақытша ұстау изоляторында отыр. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Байболат  Култанов