МТРА жаңалықтары

Дауыс беру тоқтатылды

Ал кешкі сағат 8-де дауыс беру тоқтатылды.

Тура 20:00-де теріскейдегі барлық сайлау учаскелерінің есіктері жабылды. Кейін әр бөлімше мүшелері дауыс берген азаматтардың санын, оларға үлестірілген және пайдаланылмаған бюллетеньдерді есептеді. Олардың саны қатаң сәйкес келуі керек, ал қолданылмаған бюллетеньдердің бұрышы қиылды. Бұдан сон жылжымалы және стационарлық жәшіктер ашылып, дауыстар саналды. Әр бюллетень жіті тексерілді. Екі белгі қойылған, сурет салынған не жыртылған парақтардың күші жойылды. Барлық дауыстарды санаған соң, әр сайлау учаскесі тиісті ақпарат пен бюллетеньдерді облыстық сайлау комиссиясына жөнелтті, ал бұл жерден материал Орталық сайлау комиссиясына жіберілді. Заң бойынша елордадағы орталық комиссия сайлау нәтижелерін 7 күннің ішінде шығаруы тиіс.

Саят Ермек