Мәдениет

Петропавлда А.С.Пушкиннің 220 жылдығы атап өтілді

Бүгін Петропавлда А.С.Пушкиннің 220 жылдығы атап өтілді.

Орыс әдебиетінің бастауында тұрған Пушкиннің шығармаларын әлемнің көптеген оқырманы сүйіп оқиды. Өйткені, оның қай туындысын алсаң да үлкен өмірлік мағынаға толы. Ақын сөз өнерін ұштастырып, поэзияның жаңаша өркендеуіне үлес қосқан. Оның өнеріне бас иетін ұрпағы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Одан кейін жиналғандардың барлығы Достық үйінде өткен отырысқа қатысты. Жиында балалардың суреттер көрмесі көрсетіліп, ақынның шығармалары оқылды.

Маржан Касымбек