Спорт

“Жетісу” мен “Қызылжар СҚ” тең түсті

Футболдан ел чемпионатының кезекті 6-шы турында Талдықорғанның “Жетісу” құрамасы “Қызылжар СҚ” командасын қабылдады.

Ойын басында жерлестеріміз белсендірек қимылдап, жиірек алға ұмтылды. Кездесудің 1-ші бөлігінде Артем ЧередИнов көзге түсіп, гол авторы атанды. Есесіне екінші таймда “Жетісу” командасы алға ұмтылып, қарымта шабуылмен Асхат Балтабеков есепті теңестірді. Қосымша берілген 3 минуттың ішінде пенальтиді орындау кезінде қызылжарлық Урош Деличтің тепкен добын қарсылас қақпашы қайтарып жіберді. Қос ұжым осылайша 1-1 есебімен тең тарқасты. Нәтижесінде жергілікті құрама бір ғана ұпайға ие болып, турнирлік кесте бойынша 8-ші орынға жайғасты.

Култанов Байболат