МТРА жаңалықтары

Қоғамдық қабылдау өтеді

Солтүстікқазақстандықтарға құлаққағыс!

Мамырдың 18-і күні Н.Погодин атындағы орыс драма театрында ашық қоғамдық қабылдау өтеді. Онда тұрғындармен өңір жəне қала басшылығы, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің жетекшілері кездеспек. Толғандырған сұрақтарыңыз болса, сағат таңғы 10 мен күндізгі 13:00 аралығында келіп, жауапты тұлғаларға қоя аласыздар.