Су тасқыны

Петропавлға тасқынның екінші толқыны келіп жетті

Тасқынның екінші толқыны Петропавлға келіп жетті. Бүгіндері Есіл өзеніндегі су деңгейі 1009 см құрап отыр. Салдарынан халықаралық маңыздағы «Челябі-Новосібір» тас жолы әлі күнге дейін жабық.

Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында су деңгейі – 25, ал Покровкада 10 см-ге көтерілген. Мамандардың сөзінше, Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 903 см-ді құраған. Су ернеуінен 103 см-ге асыпты.

 

Эльмира Садвокасова