Су тасқыны

Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі төмендеген

Енді көктемгі су тасқыны жөнінде ақпар бере кетсек. Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі бір тәулікте 13 смге төмендеген. Сөйтіп, су ернеуінен 119 см асқан.

Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында керісінше, тіршілік көзінің деңгейі – 6 смге артыпты. Ал Покровкаға тасқынның екінші толқыны жеткен. Мамандардың айтуынша, мұнда су бір тәулікте 31 смге көтеріліпті. Челябі-Новосібір тас жолы әлі күнге дейін жабық. Бүгіндері облыс орталығында да тасқынның екінші толқыны күтілуде. Қазір мұндағы Есіл өзенінің деңгейі – 1003 см-ді құрап отыр. Егер тіршілік көзі тағы 46 смге артса, онда су Петропавл балық питомнигі бұрылысы мен Мичурино және Прибрежное ауылдарына апарар жолдарды да шаяды.

Магжан Ахмадина