Су тасқыны

Тасқынның екінші толқыны келе жатыр

Сергеев су қоймасына тасқынның екінші толқыны келіп жатыр.

Бір тәулік ішінде тіршілік көзі 9 см-ге көтерілген. Қазір ернеуінен асқан судың биіктігі 126 см-ді құрап отыр.
Ал Новоникольское мен Покровка селоларында керісінше 11 және 10 см-ге төмендепті. Петропавл гидроторабында жағдай басқаша. Мұнда тіршілік көзі 4 см-ге жоғарылады. Заречный кентіндегі саяжайлардың бірқатарын тасқын су басқан. Челябі-Новосібір бағытындағы трасса да су астында. Қазір бұл жолмен жүруге уақытша тыйым салынып отыр.

Данаш Хамзина