Ауа райы

Салқын күндер сақталады

Ал енді ауа райы жайлы мәліметке кезек берейік. Синоптик мамандардың сөзінше ертең өңір аумағында күн тағы да салқын болады. Түнде сынап бағанасы -8-ге дейін төмендесе, ал күндіз бар-жоғы 2 градус жылыны көрсетпек.

Сондай-ақ, қатты жел соғады. Түнде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетпек. Тұман түсіп, көктайғақ орын алады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Әсіресе, автокөлік иелері қауіпсіздік ережелеріне аса мән беріп, алыс жолға шықпағандары жөн.