Жерлестеріміз жарады! Сәуірдің 9-ы мен 13-і аралығында Беларусьтің Могилёв қаласында жазғы полиатлоннан әлем чемпионаты өткен болатын. 15-ке жуық мемлекет спортшылары қатысқан жарысқа ел құрамасы сапында 4 теріскейлік сайысқа түсіп, 3-уі жүлделі орынмен оралды.
Поездан түсіп жатқан жеңімпаздарды туған-туыстары мен дос-жарандары құшақ-құшақ гүлмен қарсы алып жатыр. Барлығының жүздерінде – қуаныш пен күлкі. Әлбетте, 3 бірдей жерлесіміз жырақта өткен әлем додасында бірінші орын алып отыр. Негізі, біздің өңірден 4-еу қатысқан екен.
Қашықтыққа жүгіру, суда жүзу мен қарудан ату. 15 мемлекеттің спортшылары қатысқан чемпионат жастар мен ардагерлер арасында өткен.
Виталий Пенкин, жабық алаңдағы жазғы полиатлоннан әлем чемпионы:
– Жалпы есепте Қазақстан құрамасы спорт ардагерлері арасында 1-ші орын алды. Ал жастар арасында күміс медаль иеленді. Біз де жарысқа тыңғылықты дайындалып бардық. Нәтижесінде, жоғары нәтижеге қол жеткіздік.
Жабық алаңдағы жазғы полиатлоннан өткен әлем чемпионатында Қазақстанның намысын теріскейлік Александр Горбачев та қорғады.
21 мен 23 жас аралығындағы жастар арасында сынға түскен спортшы өз категориясында алтын алқаны жеңіп алды.
Александр Горбачев, жабық алаңдағы жазғы полиатлоннан әлем чемпионы:
– 60 пен 2000 метр қашықтыққа жүгіру мен үшін өте оңай болды. Ал суда жүзу сайысы қиынға соқты. Десе де бар күшімді салып тырыстым. Нәтижесі де жаман емес.
Айта кету керек, осы аталған 2 спортшының бапкері де әлем чемпионатында спорт ардагерлер арасында өнер көрсетіп, өз категориясында үздік атанды.
Маржан Қасымбек