Саяжайларға су жақындап қалды

Су тасқыны

11:12 17 Сәуір 2019

Сергеев су қоймасына байланысты көрсеткіштер өзгерді. Қазір ол жердегі тіршілік көзінің деңгейі 883 см-ді құрайды. Бұл кешегіден 7 см-ге төмен. Ал ернеуінен асқан судың биіктігі 83 см-ді көрсетіп тұр.

Ал Петропавл су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 34 см жоғарылап, саяжайларды су басу қаупі төніп тұр. Егер де көрсеткіш 950 см-ді құраса, мұндағы жазғы үйлерге тасқын зардабы тиеді. Сонымен қатар, Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылының маңында су деңгейі – 31, Покровкада 10 см-ге жоғарылаған.

 

Саят Ермек

Бұдан әрі оқыңыз