Су тасқыны

Су қоймаларындағы судың деңгейі артты

Демалыс күндері өңірдегі су қоймаларындағы тіршілік көзінің деңгейі жоғарылаған. Сергеев гидроторабындағы судың көлемі 890 см-ді құрайды, су ернеуінен 90 см-ге асқан. Шарықтау шегі өткен аптада тіркелген болатын. Онда бұл көрсеткіш 132 см-ге жетті.

Петропавл су қоймасындағы деңгей 900 см-ді құраса, Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылының маңында ол 1185 см-ді көрсетіп тұр. Ал Покровкада бұл шама – 975 см-ді құрап отыр.

Эльмира Садвокасова