Қайырымдылық

Өңірлік полиция департаменті қайырымдылық марафонын бастады

300-ге жуық солтүстікқазақстандық бүлдіршін Петропавлға келген Ресейлік циркті тегін тамашалады. Балақайларға бұл қуанышты өңір полицейлері сыйлаған. Мұндай игі шара қайырымдылық марафоны аясында өткізіліпті.

Цирк өнерін көру мүмкіндігіне ие болғандардың 73-і – теріскейлік балалар орталықтарының тәрбиеленушілері. Ерекше балғындар өмірлерінде алғашқы рет бірқазан, леопард және аю сынды экзотикалық жануарларды көріп, бір қуанып қалды. Сондай-ақ олардың көңілдерін сайқымазақтар, жонглерлер мен акробаттар көтерді. Айта кеткен жөн, халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған қайырымдылық марафоны мұнымен тоқтамайды. Аладғы уақытта бүлдіршіндер үшін облыстық Полиция департаментінде экскурсия ұйымдастырылып, қызметтік иттер мен сәйгүліктерді көрсету жоспарланып отыр.

 

Саят Ермек