Су тасқыны

Тасқын су жолдарды шаюда

Солтүстік Қазақстанда арнасынан шыққан өзен-көлдер жолдарды шайып, көліктің қатынауына кедергі келтіруде. Соңғы оқиға бүгін сағат таңғы 5-тер шамасында Екатеринбург-Алматы трассасының бойындағы Чистополье ауылы маңайында орын алды.

Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көпірдің жанындағы ені 25 метр болатын айналма жолдың үйіндісін қызыл су шайған. Аталған учаскеде шамамен 2 метрге көтерілген су деңгейі қазір төмендеп жатыр. Жағдай – облыстық жол қызметтерінің бақылауында.

 

Саят Ермек