ТЖ

Петропавлда дүкеннен өрт шықты

Кеше Петропавлдағы дүкендердің бірінде от тұтанып, азық-түлік қоймасы өртеніп кете жаздады. Оқиға кешкі 10 жарым кезінде орын алған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалын шыққан сауда орнына 8 минуттың ішінде жетті. 6 бірлік техника тартылып, 19 құтқарушы тілсіз жауды уақытылы ауыздықтады. Осылайша қойманың өртеніп кетуіне жол бермеді. Оқиғаның мән-жайы мен шығындар анықталып жатыр.

Сондай-ақ, Тимирязев ауданына қарасты Докучаево селосында 80 жастағы әжей мен оның 15 жасар немересіне иіс тиді. Қазір олар ауруханада жатыр. Оқыс оқиғаның орын алуына пештегі ақау себеп болған.

Саят Ермек