Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Facebook-те жеке парақшасын ашты

Атқарушы билік пен халық арасындағы көпір. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдерін әлеуметтік желілерде жұмыс жасау қажеттігіне назар аудартты. Бұл – халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың мұң-мұқтажын шешуге септеспек. Бүгін өзінің Facebook парақшасын жүргізуді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бастады.

Алғашқы постында өңір жетекшісі оқырмандарына облыс өміріндегі тың жаңалықтармен бөлісетінін жеткізді. Сондай-ақ, өлкенің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға қатысты ұсыныс пен ескертулерді назардан тыс қалдырмайтынын жазыпты. Теріскейліктермен бірге бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отыра, облыс дамуы үшін атсалысуда сұраған. Алдағы уақытта парақша ашық диалог алаңына айналуы тиіс деп атап өтті өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов өз сөзінде.

Эльмира Садвокасова