Құқық қорғау органдары

Есірткіге жол жоқ!

Тәртіп сақшылары өңір жастарымен кездесулер өткізуде. Мәселен, мамандар Тимиярев, Тайынша, Есіл және Шал ақын ауданының ұл-қыздармен жүздесіп, профилактикалық жиын өткізді.

Шарада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне қысқа метражды арнайы фильм көрсетілді. Роликте синтетикалық тұз және спайстардың зияны баяндалады. Өз кезектерінде төменгі сынып шәкірттері көпшілікке көрме ұсынды. Олар есірткімен күрес тақырыбына арнап сурет салып, қолөнер жұмыстарын жасаған. Дәлірек айтсақ, балалар осы ойларымен жұртшылықты спортпен шұғылдануға, салауатты өмірт салтын ұстануға шақырады.

Алмаз Қадыров – Есіл ауданы әкімдігі жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы:

 – Бүгінгі таңда есірткі деген өте зиян. Адамға ең бастысы денсаулық керек. Есірткі денсаулыққа зиян болып келетінін барлығымыз білеміз. Бүгінгі деректі фильмді қарап, жастарға болашақтарыңыз өз қолдарыңызда деймін. Есірткісіз өмір сүрейік!

 

Молдир Шаяхмет