Балалар

Қаланы қардан тазалауға студенттер де атсалысты

Шаһар тазалығы тұрғындардың өздеріне де байланысты. Көктем келісімен петропавлдықтар өз аулалары мен көше бойларын қардан тазартуда.

Бұл шаруаны бүгін М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері атқарды. Олар қолдарына күрек алып, колледж маңындағы оппа қарды әп-сәтте жайып тастады. Бұл – аумақтың маңы шалшыққа айналмас үшін жасалып жатқан іс дейді жастар. Ал нысанның артқы жағындағы ауланы қыс бойы жиналған ақ ұлпадан арнайы техника тазартты.

Ризабек Қазжанов – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

– Біз әрдайым колледж студенттерімен біріге отырып, айналадағы қарларды тазалап отырамыз. Осыған орай, мен барлық қала тұрғындарын ауалаларын тазартуға шақырамын.

 

Саят Ермек