Ауа райы

Өңірде 2 күн бойы қатты жел соғады

Енді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен келіп түскен ақпаратқа құлақ түрсек.

Наурыздың 28-і мен 29-ы аралығында облыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні бұл күндері секундына – 15-20, кейбір жерлерде 25 метрге дейін жетпек. Осы орайда құтқарушылар тиісті қауіпсіздік ережелерін ескеріп, абай болу қажеттігін айтады.

Данаш Хамзина