ТЖ

Иіс тиіп қалған 2 бала ауруханаға жеткізілді

Петропавлда иіс тиіп қалған 2 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ағайынды ұлдардың үлкені – 2008 жылы туған, оның жағдайы ауыр күйде.

8 жастағы кішісінің жағдайы – орташа. Бұл оқиға бүгін түнгі 2-лер кезінде Ойқала ықшам ауданындағы 4 пәтерден тұратын бір қабатты үйде орын алды. Тұншықтырғыш газ пешті ерте жабу салдарынан туындаған көрінеді. Алдағы уақытта бұндай жағдайларға жол бермес үшін ТЖД мамандары үнемі пештің дұрыстығын тексеріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қаперде ұстау қажеттігін еске салады.

Данаш Хамзина