Спорт

“Құлагер” ХК финалға өте алмады

“Құлагер” клубы шайбалы хоккейден ел біріншілігінің ақтық сынына өте алмады. Жартылай финалда теріскейлік құрамаға Атыраудың “Бейбарыс”-ы қарсы тұрған болатын. Қос команда арасындағы соңғы кездесу кеше, наурыздың 25-і Атырауда өтті.

Матчқа дейінгі сериядағы есеп 3:1 болған еді. Ақтық кезеңге өту үшін атыраулықтарға осы кездесуде жеңіске жету қажет болды. Сондықтан, айдын иелері жинақы ойнап, алғашқы минутта ерекшеленді. Бірінші период соңында құлагерлік Станислав Логинов есепті теңестірген еді, алайда “Бейбарыс” келесі екі кезеңде петропавлдық құрама қақпасына тағы 3 шайба дарытты. Кездесудегі және сериядағы қорытынды есеп – 4:1. Осылайша, “Бейбарыс” чемпионат финалына жолдама алды, ал “Құлагер” болса біріншіліктің қола жүлдесін қанағат тұтты.

Саят Ермек