МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-ға жұмыс сапарымен вице-премьер Жеңіс Қасымбек келді

Бүгін облысымызға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді. Алдымен вице-премьер Шал ақын ауданына қарасты Сергеев су қоймасында болды.

Онда өңіріміздің су тасқынына әзірлік шараларымен танысты. Кейін, мейман ат басын Қызылжар ауданындағы Новоникольское селосына бұрды. Елді мекенде теріскейлік дихандармен кездесіп, егіс жұмыстарына дайындық барысын пысықтады. Мұнымен Жеңіс Қасымбектің сапары аяқталған жоқ. Ол тікұшақпен өткен жылдары Петропавлдың су басқан шеткері аудандарын аралап өтті.

 

Култанов Байболат