МТРА жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында ант қабылдады

Бүгін күндізгі сағат 12:00-де елордада Парламенттің бірлескен отырысы өтті. Алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, Қазақстан Республикасының Президенті атанды.

Ол Конституцияға оң қолын қоя тұра, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Республиканың Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіне жүктелген Президенттің міндетін адал атқаруға салтанатты түрде серт етті. Тағы, жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы маңызды рөліне тоқталды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік аренадағы абыройын айтты. Осыған байланысты Ұлт көшбасшысына лайықты құрмет көрсету жайына тоқталып, бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Наша столица должна носить имя нашего Президента и называться Нурсултан. Считаю необходимым назвать центральные улицы всех областных городов именем Н.А.Назарбаева.  Думаю, все согласятся, что Елбасы достоин награждения высшего званиями нашего государства «Халық Қаһарманы», «Еңбек Ері».

Байболат Бектемірұлы