Қоғам

Тілдерді дамыту басқармасы әз Наурызды тойлады

Құрсақ той – бұл жүкті әйелге қатысты ертеден келе жатқан ұлттық дәстүріміз. Алайда, көбісі қазіргі таңда одан бейхабар. Өңірлік тілдерді дамыту басқармасының ұжымы бүгін осы ғұрыптың үлгісін көрсетті.

Әз Наурыз мерекесінің қарсаңында басқарма қызметкерлері бас қосып, шағын той-томалақ ұйымдастырды. Құрсақ тойының мақсаты – екіқабат әйел мен оның енесінің қуанышын атап өту. Бұл – аяғы ауыр келіншектің қамын ойлап, оған жағдай жасаудың амалы. Шара барысында майлы дастарқан жайылып, ән айтылды. Бойына бала бітісімен кейбір нәзікжандылардың асқа тәбеті болмайды екен. Оны қазақ “итжерік” деп атаған. Қонақтар ескі салт бойынша келіннің тәбетін ашатын тағамды табуға тырысты. Сондай-ақ, болашақ ананың құрбылары мен абысындары білгендерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып, келіннің көңілін аулады, ал үлкендер жағы ақ батасын берді.

Әсем Сүлейменова – СҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– Салт-дүстіүрлер қазақ халқында көп. Осыны таңдаған себебіміз – бұл дәстүр жастар арасында ұмыт қалып жатыр. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында осындай ғұрыптарды жаңғырту біздің негізгі мақсатымыз болды. Баршаңызға ұлыстың ұлы күні мерекесі құтты болсын.

Култанов Байболат