МТРА жаңалықтары

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін доғару жайлы хабарлады

Хабарымызды Ақордадан жаңа ғана жеткен жаңалықтан бастаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бір сағат бұрын өзінің өкілеттігін доғару жайлы хабарлады. Яғни, Президент қазақстандықтарға үндеу жасап, мерзімінен бұрын отставкага кеткендігін жеткізді. Бұл ретте уақытш елбасының міндетін атқарушының есімі де белгілі болды. Ол Парламент Сенатының Төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.

Култанов Байболат