Спорт

“Құлагер” ХК алғашқы жартылай финалдық кездесулерін өткізді

Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында наурыздың 17-сі мен 18-і “Құлагер” алғашқы жартылай финалдық кездесулерін өткізді. Қарсылас – Атыраудың “Бейбарыс”-ы. Қос матч та қонақтардың айдынында өтті.

Алғашқы бәсекеде петропавлдық құрама 5:3 есебімен тізе бүкті. Ал екінші ойында қателіктерін түзетіп, сенімді реванш ала білді. Осылайша айдын иелерін 1:3 есебімен жеңді. Матч барысында қарсылас қақпаның осал тұсын Максим Первухин мен Денис Стасюк таба білді. Соңғысы дубльмен ерекшеленді. Еске сала кетейік, чемпионат финалына шығу үшін “Құлагер”-ге атыраулық қарсыласын 4 мәрте жеңу қажет. Сериядағы есеп әзірге тең – 1:1. Келесі жартылай финалдық матчтарды жергілікті құрама өз айдынында өткізеді. Ойындар наурыздың 21-і мен 22-сіне жоспарланған.

 

Саят Ермек